8 сентября 2014 г.

Библиографический обзор

Дорогие читатели, представляем вашему вниманию краткий обзор литературы, посвященный писателю, драматургу, классику национальной литературы Беймбету Майлину, имеющейся в Аулиекольской центральной библиотеке. Цель обзора: помочь  любителям книги, войти в мир героев Майлина, прикоснуться к его жизнеутверждающему творчеству, многообразному по жанру и тематике, полному гражданского пафоса, высоких идеалов и веры в будущее.
Тегіміз бек, талапты да зейінді  ек,
Қоғам көші қалмау үшін кейіндеп,
Қаламының айнасымен көрсетер,
Әр заманға керек, сірә,  Бейімбет.
                                                             Әсия  Беркенова
Бейімбет - өзін тұрмыстан   алып  жазылған  әдемі   әңгіме,   тартымды  өлендерімен  танытқан белгілі ақын-жазушыларымыздың бірі.

Майлин, Б. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: Т.1 / Б. Майлин. - Алматы: Қазығұрт. – 2003.  –  584 бет.

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушыларының бірі Бейімбет Майлин көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына қаламгердің тырнақалды туындыларынан бастап, осы уақытқа дейін ем жерде жарық көрмеген әңгімелері топтастырылды. Кітап көпшілік кауымына арналған.
 

  Мақпырұлы, С., Сыдықов, Т. Қазақ әдебиеті [Мәтін]: II бөлім. Оқулық / С. Мақпырұлы,  Т. Сыдықов. - Астана: Фолиант. -  2007.  –  284 бет.

Қәсіптік техникалық оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының бұл II бөлімінде С.Сейфулин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов шығармашылықтары қарастырылады. Сондай-ақ оқулықта қазіргі дәуірдегі  қазақ әдебиеті (1961-1990 жж.) мен ТМД елдері әдебиетті тақырыптары еңгізілген.


Майлин, Б. Тұңғыш құрбан [Мәтін] / Б. Майлин. - Алматы: Рауан. - 1994. – 254 бет.

  Бейімбет Майлин төл әдебиетімізді туу биікке көтерісумен бірге, қазақ баспасөзінің қалыптасуына, ілгерілеуіне үлкен үлес қосты. Бейімбеттің «Айқап», «Абай», «Қазақ» секілді алғашқы қазақ басылымдары мен кеңестік дәуірдегі беделдігазет-журналдарда жарияланған ел мен жер, тіл тағдырына қатысты проблемалық көсемсөздері мен очерк-мақалалары қазіргі кезеңнің тыныс-тіршілігімен де үндесіп тұр. Сондықтан біртума қалам қайраткерінің ешқандай жинағына бұрын-соңды енбеген деректі туындыларының бір бөлігін жеке кітапқа топтастырып (әрі жазушының жуз жылдық мерейтойына орайластырып), оқушы игілігіне ұсынып отырмыз.

2 сентября 2014 г.

Литературный круиз

В Аулиекольской районной библиотеке с участием активных читателей и учащихся СШ №2 прошел литературный круиз «Көркем сөздің шебері», посвященный 120-летию Б.Майлина. Читатели имели возможность познакомиться с биографией и творчеством писателя-земляка. В ходе мероприятия звучали стихи о Беимбете Майлине, вслух зачитывались отрывки из произведений писателя. Мероприятие сопровождалось показом слайдов, на которых были представлены фотодокументы о семье Б. Майлина, о его творческой деятельности. Для читателей оформлена выставка-обзор «Қазақ әдебиетінің  қара нары», где можно найти произведения писателя, имеющиеся в районной библиотеке. Приглашаем читателей посетить наши выставки.




1 сентября 2014 г.

Бейімбет Майлин (1894-1938ж.ж.) Биографиялық және шығармашылық мәліметтер

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың қиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға жыр, дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесі жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Майлин медресені аяқтай алмай, 1916-1921 ж. ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен айналысты. Осы кездерде 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кездердегі қазақ аулының тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. 1922-23 ж. Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келеді. Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С.Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады. 1923-1925 ж. Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газатінде істейді. «Раушан коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.

25 августа 2014 г.

Мероприятия Аулиекольской районной библиотеки, посвященные 120-летию Беимбета Майлина


              Наименование
               мероприятия
     Дата проведения

Книжная выставка  «Пірім менің – Би-аға»
25.07.2014

Литературный круиз «Көркем сөздің шебері»
01.08.2014

Выставка-обзор «Қазақ әдебиетінің  қара нары»
05.08.2014

Электронная презентация «Выдающийся мастер пера»
10.09.2014

    

4 августа 2014 г.

Мәңгі жұлдыз

«Қостанай таңы» газеті Бейімбет Майлиннің 

120 жылдығына арналған облыстық мүшәйра өткізді.


 «Қостанай таңы» жыр мүшәйрасының жеңімпаздары


19 мая 2014 г.

Көркем сөздің аса үлкен шебері


2014 жыл - жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі- Бейімбет Майлинның туғанына 120 жыл.  Құрметті пайдаланушылар, Әулиекөл аудандық кітапханасы Б.Майлинның мерейтой құрметіне өткізілетін іс- шараларды баяндайды, оның өмірі мен шығармашылығы және кітапхана қорындағы бар кітаптарымен таныстырады.  Қызықты материал жөнінде  блокта орналастырылады. Бейімбет Майлин біздің  жерлесіміз, жазушыны мақтан етеміз.

Бейімбет Майлин (1894 -1938)

2014 год – год 120-летия Беимбета Майлина – писателя, драматурга, одного из основоположников казахскаой литературы. Уважаемые пользователи, Аулиекольская районная библиотека будет освещать мероприятия, проводимые в библиотеке в честь юбилея писателя, будет знакомить с его жизнью и творчеством, с книгами, имеющимися в фонде библиотеки. Находка интересного материала будет размещена в блоге. Беимбет Майлин родился в нашей Костанайской области и мы гордимся этим.