7 июня 2018 г.

«Туған жер дауыстылығы» шығармашылық кездесу кеші - Встреча с местными писателями и поэтами «Родной земли многоголосье»

Әулиекөл аудандық кітапханасында оқырмандарды жергілікті әулиекөлдік–ақын, жазушылардың шығармашылығымен кеңірек таныту мақсатында «Туған жер дауыстылығы» «Родной земли многоголосье» шығармашылық кездесу-кеші өтті.
Іс-шара Әулиекөл ауданының 90 жылдығына және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұштастырылды. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап адамға идеялар мен білім беріп қана қоймайды, сондай-ақ рухани және моральды құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітап бізді әсемдік пен шығармашылықты түсінуге, мәдени адамгершілікті байыта түсіп оны сақтауға көмек береді. Осы жылы шығармашылық кездесуге біз шығармашылығын жаңадан бастап жүрген жас ақындарды шақырдық. Жас авторлар өз шығармаларын ұсынып,өлеңдерін оқыды,пікірлерімен бөлісті. Бұл мерекеге аға тәлімгер ретінде: жергілікті ақын,жазушы Абай Қажи, көркемөнерпаз ақын Тоғайбай Бабыр, харекетшіл ақын-прозашы Гришукевич А.Л. шақырылды, олар жас авторлардың шығармаларына баға беріп,кәсіби кеңестер айтты және бата-тілектерін білдірді. Аға тәлімгерлердің пікірлері бойынша ең үздік болып танылған: И. Сьянов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аймұханова Дариға, ауылшаруашылық колледжінің студенті Статкевич Виолетта, Аманқарағай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Адилханова Альфия, Әулиекөл мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары Малмакова Зульфия және Левицкая Таисия оқушылары болды. Поэзиялық кештің нышаны ретінде бұрыннан келе жатқан май шамның жарығы. Мерекені жүргізушілер осы дәстүрді бұзбай поэзиялық кештің ошағын-май шамды тұтатты. Осы жарықпен кез келген өлең емес,біздің жерлес - ақындарымыздың өлеңдері оқылды. Бағдарлама барысында жергілікті авторлардың өлеңдері шырқалды: Досмағамбетов Сақтаған Қажмағамбетұлының «Әулиекөл Гимнін» көркемөнер әншісі Ерлан Қасымов орындады. Композитор Сотник Петр Иваночтың «Мое село - мой дом родной» және «Мой Казахстан» әндерін автордың өзі орындап берді. Барлық шақырылған қонақтар мен белсенділерге аудандық кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хаттар тапсырылды. Кітап мерекесіне тыңдармандар ретінде ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен барлық кітап сүйер қауым шақырылды. Барлық қатысқандар саны – 50 адам.



В Аулиекольской районной библиотеке в целях расширения знаний читателей о творчестве местных поэтов и писателей - аулиекольцев  прошла творческая встреча с местными писателями и поэтами «Туған жер даустылығы» «Родной земли многоголосье». Мероприятие было приурочено к 90 -летию Аулиекольского района и ко Всемирному Дню книги и авторского права. Была оформлена книжная выставка «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы». Книги дают людям доступ не только к идеям и знаниям, но также к духовным и моральным ценностям. Они учат нас понимать красоту и творчество, помогают сохранять и обогащать культурное наследие человечества. В этом году на творческую встречу, мы пригласили молодых начинающих поэтов. Молодые авторы представили свои произведения, читали стихи, делились своими мнениями. На праздник в качестве старших наставников были приглашены местный акын и писатель Абай Кажи, самодеятельный поэт Тогайбай Бабыр, самодеятельный писатель - прозаик Гришукевич Алла Леонидовна. Они оценили произведения молодых авторов и, конечно, дали профессиональные советы и напутствия начинающим авторам. Лучшими молодыми авторами по мнению старших наставников были - Аймұханова Дариға, ученица 11 класса школы имени И. Сьянова, Статкевич Виолетта, студентка сельскохозяйственного колледжа, Адилханова Альфия, ученица 9 класса Аманкарагайской средней школы, Малмакова Зульфия, ученица 9 класса Аулиекольской школы-гимназии, Левицкая Таисия, ученица 9 класса Аулиекольской школы-гимназии. Огонёк свечи давно стал символом поэтических вечеров. Ведущие праздника, следуя  традиции, зажгли очаг поэтического вечера – свечи. И  звучали стихи написанные нашими поэтами-земляками. В ходе программы звучали и песни наших местных авторов Досмагамбетова Сактагана Кожмагамбетовича «Гимн Аулиеколя», в исполнении самодеятельного певца Ерлана Касымова. Песни самодеятельного композитора Сотник Петра Ивановича «Мое село – мой дом родной» и «Мой Казахстан» в исполнении автора. Все активисты и приглашенные гости получили благодарственные письма от администрации районной библиотеки. На праздник книги в качестве слушателей были приглашены студенты сельскохозяйственного колледжа, и все, поклонники книги. Присутствовало - 50 человек.

5 октября 2017 г.

«Талантты тәңір береді» атты поэзиялық қонақжай - Поэтическая гостиная «Талантты Тәңір береді»

Әулиекөл аудандық кітапханасында «Туған жер» бағдарламасы аясында  қазақ ақыны Сырбай Мәуленовтың 95-жылдығына арналған  «Талантты тәңір береді» атты  іс-шара өтті. Поэзиялық қонақжайға ауылшаруашылық колледжі студенттері шақырылды. Шараның  мақсаты  өскелең ұрпақты қазақ жазушысы  С.Мәуленовтың мұрасын оқуға, қызығушылыққа және жастарды мәдениетке,адамгершілік мұратына сүйеніп,өз жерінің ұлы тұлғаларын құрметтеуге тәрбиелеуге баулу болды.Оқырмандар назарына    «Сыршыл сезім-Сырбай!»  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандар қостанайлық жазушы Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығымен таныс болды. Видеоматериалдар, «Өлеңім сырласатын серігімсің» слайд-тұсаукесері көрсетілді.  «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Қостанай», «Торғай, сенің кішкене өзенің», «Сар дала сан ғасырдан келе жатқан» және т.б. Сырбай Мәуленовтің өлеңдері мен туындыларынан  үзінділер оқылды. Қатысушылар жазушының шығармашылығына аса құрметпен қарады.


В Аулиекольской районной библиотеке состоялось мероприятие  посвященное 95-летию казахского поэта Сырбая Мауленова «Талантты Тәңір береді», которое проходило в рамках программы «Туған жер». В поэтическую гостиную были приглашены студенты сельскохозяйственного колледжа. Целью мероприятия было приобщение подрастающего поколения к чтению наследия казахского писателя С. Мауленова, воспитание интереса и уважения молодежи к культуре, выдающимся личностям своей земли с опорой на нравственные идеалы. Вниманию читателей организована книжная выставка «Сыршыл сезім - Сырбай!». Читатели  познакомились с жизнью  и творчеством костанайского писателя Сырбая Мауленова. Показаны видеоматериалы, слайд-презентация «Өлеңім сырласатын серігімсің». Прозвучали стихи и отрывки из прозведений С. Мауленова, такие как, «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Костанай», «Торғай, сенің кішкене өзенің», «Сар дала сан ғасырдан келе жатқан» и др. Участники с почтением отнеслись к творчеству писателя. 

23 августа 2017 г.

«Дархан дала» кітабының тұсаукесері - Презентация книги «Дархан дала»

                                                 
Әулиекөл аудандық кітапханасында жергілікті жазушы Абаей Қажымен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында оның жаңа «Дархан дала» кітабының тұсаукесері болды. Іс-шараға Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары, жалпы 70 адам қатынасты. Кеш жүргізушісі жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы, сонымен қатар «Мынау жұмыр дүние», «Көңілімнің күмбезі», «Менің пірім – қазанаты қазақтың» және «Дархан дала» атты кітаптарының дүниеге келуі туралы әнгіме қозғады. Іс-шара аясында жазушы өлендер мен прозалардан үзінділер оқыса, әнші Ерлан Қасымов домбырада ән шырқады. Таланты да майталман жазушы Абаей Қажымен өткізілген кездесу кеш уақыты тез арада өте шықты. Жазушы аудан кітапханасына өз кітаптарын сыйға тартса, кездесуге жиналған кітапхана оқырмандары талантты жазушыға сәттілік тілеп, алдағы уақытта әлі де өзінің тың туындыларымен қуантатындығына сенім білдірді. 
                             




В Аулиекольской районной библиотеке была прошла встреча с местным  писателем Абаем Кажи, где состоялась презентация его новой книги «Дархан дала». На мероприятие были приглашены  старшеклассники школы имени Шокана Уалиханова, всего присутствовало 70 человек. Ведущие программы  рассказали о  жизни и творчестве писателя, о том как создавались книги «Мынау жұмыр дүние», «Көңілімнің күмбезі», «Менің пірім - қазанаты қазақтың» и  «Дархан дала». Автор читал  стихотворения  и прозу.  Ерлан  Касымов на домбре исполнял музыкальные номера. Встреча с интересным, талантливым, увлеченным  своим писательским делом Абаем Кажи прошла незаметно быстро. Автором была подарена книга районной библиотеке. Читатели благодарили писателя и пожелали, чтобы и в дальнейшем он радовал своим творчеством. 


1 февраля 2015 г.

«Жұлдызды қорым: 2015 жылғы мерейгер-кітаптар» «Звездная россыпь: книги – юбиляры 2015 года»

12 қыркүйекте аудандық кітапханада «Жұлдызды қорым: 2015 жылғы мерейгер-кітаптар» кітап көрмесі жұмыс істеуді бастады. Бұл қазақстан  авторларының көрмесі, олар шығарылған мерзімі бойынша 2015 жылы мерейтойын атап өтеді. Көрменің мақсаты- оқырмандарға қазақстан әдебиеттерінің ең үздік авторлары туралы  еске салу, жазушылардың жеке басы, қызметі және тағдыры туралы ойланып- толғануға шақыру, олардың шығармашылығымен таныстыру.  Олардың ішінде «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» (150 жыл),  С.Торайғыровтың «Кім жазықты» (100 жыл), Б.Майлиннің «Азамат Азаматович», Ғ. Мустафиннің «Шығанақ», Ғ. Мүсіреповтің «Солдат из казахстана» кітаптары.   Биылғы жылы мерейтойын атап өтетін барлық кітаптар туралы бірден айтып беру мүмкін емес. Сондықтан көрме жыл бойы жұммыс істейді. Көрмемен танысу үшін аудандық кітапханаға шақырамыз.


12 января   в районной библиотеке  начала работать книжная выставка «Звездная россыпь: книги – юбиляры 2015 года».  Это выставка произведений казахстанских авторов, которые по сроку своего издания в 2015 году отмечают свой юбилей. Цель выставки – напомнить читателям  о лучших авторах казахстанской  литературы, вызвать желание поразмышлять о личности, деятельности и судьбе писателей, познакомиться с их творчеством. Среди них книги «Козы Корпеш Баян Сулу» (150 лет),  С. Торайгыров «Кім жазықты» (100 лет), Майлин «Азамат азаматович», Ғ. Мустафин «Шиганак», Г. Мусрепов «Солдат из казахстана».   Невозможно рассказать сразу обо всех книгах, отмечающих в этом году юбилеи. Поэтому выставка будет действовать в течение года. Приглашаем посетить районную библиотеку и познакомиться с выставкой.  

8 сентября 2014 г.

Библиографический обзор

Дорогие читатели, представляем вашему вниманию краткий обзор литературы, посвященный писателю, драматургу, классику национальной литературы Беймбету Майлину, имеющейся в Аулиекольской центральной библиотеке. Цель обзора: помочь  любителям книги, войти в мир героев Майлина, прикоснуться к его жизнеутверждающему творчеству, многообразному по жанру и тематике, полному гражданского пафоса, высоких идеалов и веры в будущее.
Тегіміз бек, талапты да зейінді  ек,
Қоғам көші қалмау үшін кейіндеп,
Қаламының айнасымен көрсетер,
Әр заманға керек, сірә,  Бейімбет.
                                                             Әсия  Беркенова
Бейімбет - өзін тұрмыстан   алып  жазылған  әдемі   әңгіме,   тартымды  өлендерімен  танытқан белгілі ақын-жазушыларымыздың бірі.

Майлин, Б. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: Т.1 / Б. Майлин. - Алматы: Қазығұрт. – 2003.  –  584 бет.

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушыларының бірі Бейімбет Майлин көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына қаламгердің тырнақалды туындыларынан бастап, осы уақытқа дейін ем жерде жарық көрмеген әңгімелері топтастырылды. Кітап көпшілік кауымына арналған.
 

  Мақпырұлы, С., Сыдықов, Т. Қазақ әдебиеті [Мәтін]: II бөлім. Оқулық / С. Мақпырұлы,  Т. Сыдықов. - Астана: Фолиант. -  2007.  –  284 бет.

Қәсіптік техникалық оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының бұл II бөлімінде С.Сейфулин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов шығармашылықтары қарастырылады. Сондай-ақ оқулықта қазіргі дәуірдегі  қазақ әдебиеті (1961-1990 жж.) мен ТМД елдері әдебиетті тақырыптары еңгізілген.


Майлин, Б. Тұңғыш құрбан [Мәтін] / Б. Майлин. - Алматы: Рауан. - 1994. – 254 бет.

  Бейімбет Майлин төл әдебиетімізді туу биікке көтерісумен бірге, қазақ баспасөзінің қалыптасуына, ілгерілеуіне үлкен үлес қосты. Бейімбеттің «Айқап», «Абай», «Қазақ» секілді алғашқы қазақ басылымдары мен кеңестік дәуірдегі беделдігазет-журналдарда жарияланған ел мен жер, тіл тағдырына қатысты проблемалық көсемсөздері мен очерк-мақалалары қазіргі кезеңнің тыныс-тіршілігімен де үндесіп тұр. Сондықтан біртума қалам қайраткерінің ешқандай жинағына бұрын-соңды енбеген деректі туындыларының бір бөлігін жеке кітапқа топтастырып (әрі жазушының жуз жылдық мерейтойына орайластырып), оқушы игілігіне ұсынып отырмыз.

2 сентября 2014 г.

Литературный круиз

В Аулиекольской районной библиотеке с участием активных читателей и учащихся СШ №2 прошел литературный круиз «Көркем сөздің шебері», посвященный 120-летию Б.Майлина. Читатели имели возможность познакомиться с биографией и творчеством писателя-земляка. В ходе мероприятия звучали стихи о Беимбете Майлине, вслух зачитывались отрывки из произведений писателя. Мероприятие сопровождалось показом слайдов, на которых были представлены фотодокументы о семье Б. Майлина, о его творческой деятельности. Для читателей оформлена выставка-обзор «Қазақ әдебиетінің  қара нары», где можно найти произведения писателя, имеющиеся в районной библиотеке. Приглашаем читателей посетить наши выставки.




1 сентября 2014 г.

Бейімбет Майлин (1894-1938ж.ж.) Биографиялық және шығармашылық мәліметтер

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстың қиссаларын жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға жыр, дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесі жариялайды. Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Майлин медресені аяқтай алмай, 1916-1921 ж. ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен айналысты. Осы кездерде 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кездердегі қазақ аулының тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. 1922-23 ж. Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке келеді. Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С.Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады. 1923-1925 ж. Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газатінде істейді. «Раушан коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.