8 сентября 2014 г.

Библиографический обзор

Дорогие читатели, представляем вашему вниманию краткий обзор литературы, посвященный писателю, драматургу, классику национальной литературы Беймбету Майлину, имеющейся в Аулиекольской центральной библиотеке. Цель обзора: помочь  любителям книги, войти в мир героев Майлина, прикоснуться к его жизнеутверждающему творчеству, многообразному по жанру и тематике, полному гражданского пафоса, высоких идеалов и веры в будущее.
Тегіміз бек, талапты да зейінді  ек,
Қоғам көші қалмау үшін кейіндеп,
Қаламының айнасымен көрсетер,
Әр заманға керек, сірә,  Бейімбет.
                                                             Әсия  Беркенова
Бейімбет - өзін тұрмыстан   алып  жазылған  әдемі   әңгіме,   тартымды  өлендерімен  танытқан белгілі ақын-жазушыларымыздың бірі.

Майлин, Б. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: Т.1 / Б. Майлин. - Алматы: Қазығұрт. – 2003.  –  584 бет.

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушыларының бірі Бейімбет Майлин көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына қаламгердің тырнақалды туындыларынан бастап, осы уақытқа дейін ем жерде жарық көрмеген әңгімелері топтастырылды. Кітап көпшілік кауымына арналған.
 

  Мақпырұлы, С., Сыдықов, Т. Қазақ әдебиеті [Мәтін]: II бөлім. Оқулық / С. Мақпырұлы,  Т. Сыдықов. - Астана: Фолиант. -  2007.  –  284 бет.

Қәсіптік техникалық оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының бұл II бөлімінде С.Сейфулин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов шығармашылықтары қарастырылады. Сондай-ақ оқулықта қазіргі дәуірдегі  қазақ әдебиеті (1961-1990 жж.) мен ТМД елдері әдебиетті тақырыптары еңгізілген.


Майлин, Б. Тұңғыш құрбан [Мәтін] / Б. Майлин. - Алматы: Рауан. - 1994. – 254 бет.

  Бейімбет Майлин төл әдебиетімізді туу биікке көтерісумен бірге, қазақ баспасөзінің қалыптасуына, ілгерілеуіне үлкен үлес қосты. Бейімбеттің «Айқап», «Абай», «Қазақ» секілді алғашқы қазақ басылымдары мен кеңестік дәуірдегі беделдігазет-журналдарда жарияланған ел мен жер, тіл тағдырына қатысты проблемалық көсемсөздері мен очерк-мақалалары қазіргі кезеңнің тыныс-тіршілігімен де үндесіп тұр. Сондықтан біртума қалам қайраткерінің ешқандай жинағына бұрын-соңды енбеген деректі туындыларының бір бөлігін жеке кітапқа топтастырып (әрі жазушының жуз жылдық мерейтойына орайластырып), оқушы игілігіне ұсынып отырмыз.
  
  
       
     Майлин,  Б.  Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: Т. 11  /  Б.                Майлин. - Алматы: Қазығұрт. – 2012. – 480 бет.
     ISBN 978-9965-22-402-7

Бұл томға Бейімбет Майлиннің қоғам, журналистика, әдебиет қайраткері ретіндегі өмірін, қыруар қызметкерлігін, жазықсыз жазаланып, құрбан болғандығын, одан соң толық ақталғандығын айғақтайтын құжаттар, кейбір пікірлер топтастырылып берілді


        Беісқұлов, Т. Бейімбетті атқан кім? [Мәтін] / Т. Беісқұлов. – Алматы:        Тоғанай Т. - 2000. – 160 бет.

«Елі төбесіне көтерген, ардақтаған адам неге атылды?
Не кінәсы бар? Жазығы не? Не үшін атты?
Кім кінәлы оның атылуына?
Ат деген кім? Атқан кім?
Сүйегі қайда екен?
Обалы кімнің мойнында?
Осындай сұрақтар мені зерттеу жүргізуге құлшындырып отырды».
Беісқұлов Тоқтар.
1937-1938 жылдары тұрпайы социологиялық сынға ұшыраған, қуғын-сүргін көріп, жазықсыз құрбан болған асыл арыстанымыздың бірі қазақтың ұлы жазушысы, ұлт мақтаны Бейімбет Майлин туралы «Бейімбетті атқан кім?» атты деректі эссе толғау кітабына оның басынан кешкен қорлық-зорлығы, отбасының ойрандалуы, сол кездегі зобалаңның, қанқұйлы қасіреттің себептері мен жузеге асырылуы кеңінен әңгімеленеді.

         Майлин, Б. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: Т. 7 / Б. Майлин. –  Алматы: Қазығұрт. - 2007. – 392 бет.


Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көркем сөздің даңқы шебері Бейімбет Майлин әртүрлі жанрда көсіле жазып, қалам қарымы төселіп, білім-білігі терендеп, ойы әбден ұшқырланған кезде, 1930-жылдардың басында кең көлемді жанр – роман жазуға қатты ден қойып, «Азамат Азаматыч», «Тартыс», «Қоңсылар», «Ауыл», «Қызыл жалау» романдарын жазған. Бейімбет – ауыл ақыны. 7-томда сол туындылармен оқырмандар қайта қауышып, рухани нәр алады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.


Майлин, Б. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: Т. 12 / Б. Майлин. - Алматы: Қазығұрт . – 2013. – 384 бет.
ISBN 978-9965-22-446-1

Бұл томға Бейімбет Майлиннің қоғам, журналистика, әдебиет қайраткері ретіндегі өмірін, қыруар қызметкерлігін, жазықсыз жазалап, құрбан болғандығын, одан соң толық ақталғандығын айғақтайтын құжаттар, кейбір пікірлер топтастырылып берілді.


 Майлин, Б. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Б. Майлин . – Алматы: Қазығұрт. - 2013. – 384 бет.

Бұл 13 томға да Б. Майлиннің заңғар тұлғасы, мол адамгершілік және шығармашылық қасиеттері жан-жақты, асқан ілтипатпен, зор құрметпен әңгімеленген мақалалар, жарияланымдар құрастырылып енгізілді. Әдептілікке жүгінген Т.Бейісқұлов өзінің зерттеу еңбектерінің бірнешеуін ғана бұл томның соңына еңгізіпті.




Майлин, Б. Многотомное собрание сочинений [Текст]: Т. 14. Повести, рассказы / Б. Майлин. -  Алматы: Қазығұрт. - 2013. – 384 с.

В четырнадцатый том многотомного собрания сочинений выдающего казахского писателя Б.Майлина включены повести и рассказы переведенные такими известными писателями и переводчиками как Г.Бельгер, Ю.Домбровский, М.Юфит, А.Шаповалова и другие. Классические произведения Майлина не оставят равнодушным и русскоязычного читателя. Книга предназначена для широкого круга читателей.


Майлин, Б. Многотомное собрание сочинений [Текст]: Т. 15. Роман, повесть, рассказы / Б. Майлин. – Алматы: Қазығұрт. – 2013. – 416 с.

В данный том многотомного собрания сочинений выдающего писателя Б.Майлина включены его прозаические произведения переведенные на русский язык известными мастерами словестного искусства. Рассказы в переводе максимально приближены к оригиналу на казахском языке. До подлинного сохранены авторский колорит и особенности национальной психологии, свойственные характеры героев Майлина. Книга предназначена для широкого круга читателей.


Майлин Б. Азамат Азаматыч[Мәтін]: Роман; Мүсірепов Ғ. Ұлпан : Роман / Б. Майлин, Ғ. Мүсрепов. – Алматы: Жазушы. - 2009. – 440 б. – (Қазақтың 100 романы)

Аталған 100 томдықтың бұл кітабына топтастырылған Бейімбет Майлин романында оқиғасы жаңа өмір, жаңаша көзқарас нәтижесінде кешегі жалшыдан оқыған, көзі ашық кеңес интеллигентіне айналған Азамат Азаматыч арқалы өрби келе, сол кезеңдегі заман шындығы суреттелсе, Ғабит Мүсірепов романында «бес болыс елдің Есенейі» атанған «реформатор» әйел – Ұлпан бейнесі сомдалған.


Майлин Б.  Ел сыры [Мәтін]: Повестер, әңгімелер, өлеңдер, фельетондар / Б. Майлин. – Алматы: Жазушы. - 1994. – 352 бет.
ISBN 5-605-01461-7

Көрнекті қаламгердің аталмыш жинағына  1925 – 1936 жылдар аралығында шыққан жеке кітпшалары мен «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған оқшаулары топтастырылып отыр. Сонымен қатар «Жалбыр» повесінің бірінші бөлімі мен «Батыр большевик» атты деректі туындысы да бар.



Майлин Б. Рыжая полосатая шуба [Текст]: Повести и рассказы / Б. Майлин. – Астана. – Аударма. – 2009. – 472 с. (Библиотека казахской литературы)
                             
Б. Майлин с 14 лет  создает большое количество произведений.  Ряд рассказов отражающий коллективизацию в ауле, проблемы конфискации, освобождение женщин, жизнь простых людей, а также новые соединения стилей юмористического, сатирического пафоса с драматическим. Книга предназначена для широкого круга читателей.



Комментариев нет:

Отправить комментарий