23 августа 2017 г.

«Дархан дала» кітабының тұсаукесері - Презентация книги «Дархан дала»

                                                 
Әулиекөл аудандық кітапханасында жергілікті жазушы Абаей Қажымен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында оның жаңа «Дархан дала» кітабының тұсаукесері болды. Іс-шараға Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары, жалпы 70 адам қатынасты. Кеш жүргізушісі жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы, сонымен қатар «Мынау жұмыр дүние», «Көңілімнің күмбезі», «Менің пірім – қазанаты қазақтың» және «Дархан дала» атты кітаптарының дүниеге келуі туралы әнгіме қозғады. Іс-шара аясында жазушы өлендер мен прозалардан үзінділер оқыса, әнші Ерлан Қасымов домбырада ән шырқады. Таланты да майталман жазушы Абаей Қажымен өткізілген кездесу кеш уақыты тез арада өте шықты. Жазушы аудан кітапханасына өз кітаптарын сыйға тартса, кездесуге жиналған кітапхана оқырмандары талантты жазушыға сәттілік тілеп, алдағы уақытта әлі де өзінің тың туындыларымен қуантатындығына сенім білдірді. 
                             




В Аулиекольской районной библиотеке была прошла встреча с местным  писателем Абаем Кажи, где состоялась презентация его новой книги «Дархан дала». На мероприятие были приглашены  старшеклассники школы имени Шокана Уалиханова, всего присутствовало 70 человек. Ведущие программы  рассказали о  жизни и творчестве писателя, о том как создавались книги «Мынау жұмыр дүние», «Көңілімнің күмбезі», «Менің пірім - қазанаты қазақтың» и  «Дархан дала». Автор читал  стихотворения  и прозу.  Ерлан  Касымов на домбре исполнял музыкальные номера. Встреча с интересным, талантливым, увлеченным  своим писательским делом Абаем Кажи прошла незаметно быстро. Автором была подарена книга районной библиотеке. Читатели благодарили писателя и пожелали, чтобы и в дальнейшем он радовал своим творчеством. 


Комментариев нет:

Отправить комментарий