7 июня 2018 г.

«Туған жер дауыстылығы» шығармашылық кездесу кеші - Встреча с местными писателями и поэтами «Родной земли многоголосье»

Әулиекөл аудандық кітапханасында оқырмандарды жергілікті әулиекөлдік–ақын, жазушылардың шығармашылығымен кеңірек таныту мақсатында «Туған жер дауыстылығы» «Родной земли многоголосье» шығармашылық кездесу-кеші өтті.
Іс-шара Әулиекөл ауданының 90 жылдығына және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұштастырылды. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап адамға идеялар мен білім беріп қана қоймайды, сондай-ақ рухани және моральды құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітап бізді әсемдік пен шығармашылықты түсінуге, мәдени адамгершілікті байыта түсіп оны сақтауға көмек береді. Осы жылы шығармашылық кездесуге біз шығармашылығын жаңадан бастап жүрген жас ақындарды шақырдық. Жас авторлар өз шығармаларын ұсынып,өлеңдерін оқыды,пікірлерімен бөлісті. Бұл мерекеге аға тәлімгер ретінде: жергілікті ақын,жазушы Абай Қажи, көркемөнерпаз ақын Тоғайбай Бабыр, харекетшіл ақын-прозашы Гришукевич А.Л. шақырылды, олар жас авторлардың шығармаларына баға беріп,кәсіби кеңестер айтты және бата-тілектерін білдірді. Аға тәлімгерлердің пікірлері бойынша ең үздік болып танылған: И. Сьянов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аймұханова Дариға, ауылшаруашылық колледжінің студенті Статкевич Виолетта, Аманқарағай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Адилханова Альфия, Әулиекөл мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары Малмакова Зульфия және Левицкая Таисия оқушылары болды. Поэзиялық кештің нышаны ретінде бұрыннан келе жатқан май шамның жарығы. Мерекені жүргізушілер осы дәстүрді бұзбай поэзиялық кештің ошағын-май шамды тұтатты. Осы жарықпен кез келген өлең емес,біздің жерлес - ақындарымыздың өлеңдері оқылды. Бағдарлама барысында жергілікті авторлардың өлеңдері шырқалды: Досмағамбетов Сақтаған Қажмағамбетұлының «Әулиекөл Гимнін» көркемөнер әншісі Ерлан Қасымов орындады. Композитор Сотник Петр Иваночтың «Мое село - мой дом родной» және «Мой Казахстан» әндерін автордың өзі орындап берді. Барлық шақырылған қонақтар мен белсенділерге аудандық кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хаттар тапсырылды. Кітап мерекесіне тыңдармандар ретінде ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен барлық кітап сүйер қауым шақырылды. Барлық қатысқандар саны – 50 адам.



В Аулиекольской районной библиотеке в целях расширения знаний читателей о творчестве местных поэтов и писателей - аулиекольцев  прошла творческая встреча с местными писателями и поэтами «Туған жер даустылығы» «Родной земли многоголосье». Мероприятие было приурочено к 90 -летию Аулиекольского района и ко Всемирному Дню книги и авторского права. Была оформлена книжная выставка «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы». Книги дают людям доступ не только к идеям и знаниям, но также к духовным и моральным ценностям. Они учат нас понимать красоту и творчество, помогают сохранять и обогащать культурное наследие человечества. В этом году на творческую встречу, мы пригласили молодых начинающих поэтов. Молодые авторы представили свои произведения, читали стихи, делились своими мнениями. На праздник в качестве старших наставников были приглашены местный акын и писатель Абай Кажи, самодеятельный поэт Тогайбай Бабыр, самодеятельный писатель - прозаик Гришукевич Алла Леонидовна. Они оценили произведения молодых авторов и, конечно, дали профессиональные советы и напутствия начинающим авторам. Лучшими молодыми авторами по мнению старших наставников были - Аймұханова Дариға, ученица 11 класса школы имени И. Сьянова, Статкевич Виолетта, студентка сельскохозяйственного колледжа, Адилханова Альфия, ученица 9 класса Аманкарагайской средней школы, Малмакова Зульфия, ученица 9 класса Аулиекольской школы-гимназии, Левицкая Таисия, ученица 9 класса Аулиекольской школы-гимназии. Огонёк свечи давно стал символом поэтических вечеров. Ведущие праздника, следуя  традиции, зажгли очаг поэтического вечера – свечи. И  звучали стихи написанные нашими поэтами-земляками. В ходе программы звучали и песни наших местных авторов Досмагамбетова Сактагана Кожмагамбетовича «Гимн Аулиеколя», в исполнении самодеятельного певца Ерлана Касымова. Песни самодеятельного композитора Сотник Петра Ивановича «Мое село – мой дом родной» и «Мой Казахстан» в исполнении автора. Все активисты и приглашенные гости получили благодарственные письма от администрации районной библиотеки. На праздник книги в качестве слушателей были приглашены студенты сельскохозяйственного колледжа, и все, поклонники книги. Присутствовало - 50 человек.

Комментариев нет:

Отправить комментарий